“Әлем елдерінің 26% пайызында таза ауыз су көзі жоқ” – депутат Исабеков

28 ақпанда өткен мәжіліс отырысында депутат Данабек Исабеков әлемдегі су тапшылығы туралы сөз қозғап, депутат сауалын жолдады. Оның айтуынша, әлем елдерінің 26 пайызында таза ауыз су көзі жоқ, ал 46 пайызы антисанитарлық жағжайда өмір сүреді. Осы және өзге де мәлімдемелерді Factcheck.kz тексеріп көрді.

Тайм-код: 3:23

Мәлімдеме: Әлем елдері халқының 26 пайызында таза ауызсу көзі жоқ, ал 46 пайызы антисанитарлық жағдайда өмір сүреді деп көрсетілген.

Данабек Исабеков, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

БҰҰ-ның су ресурстарының жәй-күйі туралы 2023 жылғы есебінше, әлем халқының 26%-і немесе 2 млрд адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Сонымен қатар, 46%-і немесе 3,6 млрд адам антисанитарлық жағдайда өмір сүреді.

Сондай-ақ климаттың өзгеру нәтижесінде жуық арады су ресурстарының мауысмдық тапшылығы Орталық Африка, Шығыс Азия және Оңтүстік Америкада сезіледі. Ғалымдардың болжауынша, су сапасына байланысты тәуекелдерге кез келген мемлекет (табыс деңгейі төмен, орташа және жоғары) тап болады. Бұл, ең алдымен, Азия және Африканың табысы төмен мемлекеттерінде байқалады.

Мәлімдеме: Соңғы 40 жылда жаһандық суды тұтыну жылына шашамен бір пайызға өсіп келеді.

Данабек Исабеков, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

БҰҰ-ның су ресурстарының жәй-күйі туралы 2023 жылғы есебінше, кейінгі 40 жылда жаһандық су ресурстарын тұтыну жылына шамамен 1%-ке артып келеді. Сондай-ақ, халықтың көбеюі, әлеуметтік-экономикалық даму және тұтыну моделінің өзгеруі сияқты факторлар 2050 жылға қарай әлемдік су тапшылығына алып келеді.

Мәлімдеме: Ғалымдардың айтуынша, дүниежүзіндегі судың 70 пайызы ауыл шаруашылығына кетеді.

Данабек Исабеков, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

Дүниежүзілік банктың дерегінше, әлем бойынша тұщы судың 71%-і ауыл шаруашылығына қолданылады. Ал әлем елдерінің арасында Сомали бірінші орында, тұщы судың 99%-ін ауыл шаруашылығына пайдаланады. Одан кейін Ауғанстан, Непал және Мали 98% тұшы суды ауыл шаруашылығына қолданады. Толығырақ төмендегі картадан көре аласыздар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz