Қазақстанда қанша ғалым бар?

6 наурызда өткен мәжілістің пленарлы отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғалымдардың азайып бара жатқаны туралы сөз қозғап, мәселе көтерді. Министрдің айтуынша, 1990 жылдары 52 мың ғалым болса, 2000 жылдары небәрі 12 мың ғалым қалған. Factcheck.kz министрдің дерегін тексеріп көрді.

Тайм-код: 52:06

Бір ғана мысал, 90 жылдары Қазақстанда 52 мың ғылыми қызметкер болса, 2000 жылы 12 мың ғана қалды. Көп ғалымымызды жоғалтып алдық.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі

Үкім: Шындыққа жақын

Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының дерегінше, 1990 жылдары Қазақстанда жалпы саны 279 ғылыми мекемеде 50,6 мың ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын ғалым болды. Ал 2000 жылдары 14,7 мың ғылыми-қызметкер қалған. Forbes-тің жазуынша, 1990-1994 жылдар аралығында ғалым саны 50,6 мыңнан 20,6 мыңға дейін қысқарған. Басты себептердің бірі: дағдарысқа байланысты мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржының қысқаруы болды.

2022 жылы ғылыммен айналысатын адам саны 22 567-ға өсті. Ал жалпы кейінгі 10 жылда ғалым саны бір өсіп, бір кеміп отырды. Толығырақ төменнен қарай аласыздар.

Қазақстанда ғылымға қанша қаржы бөлінеді?

Қазақстанда 2022 жылы ғылымға 121 млрд теңге бөлінді. Бұл ЖІӨ 0,13% құрайды. Дегенмен ғылымға бөлінетін қаржының жыл сайын артып келе жатқанын байқауға болады.

Ал әлем бойынша АҚШ ғылымға ең көп қаржы жұмсайтын елдердің көшін бастап тұр. 2022 жылы 679,4 млрд доллар бөлген. Одан кейін Қытай – 551,1 млрд доллар, үштікті 182,2 млрд доллар жұмсаған Жапония аяқтайды. Толығырақ төмендегі инфографикадан көре аласыздар.

Қазақстанда қанша ғалым бар?

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz