Журналист Данияр Молдабековті белгісіз біреу ұрып кетті

22 ақпан таңертең белгісіз біреу журналист Данияр Молдабековті подъезінде бетінен ұрып кетті. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында айтты.

Журналистің сөзінше, шабуыл жасаған адам бетіне маска тағып алған. Оған қоса ол қоқан-лоқы көрсеткен.

Қазір дәрігерлер журналиске көмек беріп жатыр.

Достар, қазір мен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасындамын. Анализ тапсыруым қажет. Кейін Алмалы ауданындағы полиция бөлімшесіне арыз жазуға барамын. Әзірге айтарым осы“,-деп жазды Данияр Молдабеков Facebook парақшасына.

Контекст

Айта кетейік, 20 ақпанда белгісіз біреулер журналист Вадим Борейконың операторының екі көлігін жарып жібергенін хабарлағанбыз.

Factcheck.kz