Қостанайдағы су тасқыны: белсенді пикетке шықты

Қостанайда Qushtar қозғалысының белсендісі Әнел Әлиғазина су тасқынынан зардап шеккен адамдарды қолдау үшін жалғыз адам пикетіне шықты. Бұл туралы “Азаттық” радиосы хабарлады.

Басылымның мәліметі бойынша, 12 сәуірде MART сауда орталығы маңында белсенді бір сағат пикет өткізген.

Полиция қызметкерлер мен әкімдік өкілі белсендінің қасына келіп, акцияны доғаруын талап еткен. Бірақ билік өкілдері белсендінің ұстап әкетпеген. Көп ұзамай акция аяқталған.

Белсендінің айтуынша, тасқын үкіметтің салғырттығынан болып отыр.

“Үкімет жылда көктемде қайталанатын су тасқынына күнібұрын дайындалғанда, табиғи апаттың алдын алуға болар еді деп сеніммен айта аламыз. Бұған қоса билік зардап шеккендерге ғана емес, су басу қаупі төнген қалаларға да көмек көрсетуге толық атсалысуы қажет деп білеміз”, – деп мәлімдеген қозғалыс.

Factcheck.kz