Өзбекстан азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі жеңілдетілді ме?

Әлеуметтік желіде Өзбекстан азаматтары Қазақстанда 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алатыны туралы хабарлама пайда болды. Factchecknet.uz-дағы әріптестеріміз бұл ақпаратты растады.

Бұл шын ақпарат.

«28 наурызда өткен палатаның жалпы отырысында Қазақстан сенатының депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарлары шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Құжат президентке қол қоюға жіберілді», – делінген ресми хабарламада.

Күшіне енетін заңның мақсаты – екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін құқықтық негіз жасау, өз азаматтарының елде уақытша тұруын немесе жүріп-тұруын реттеу, сондай-ақ оларға қолайлы жағдай жасау.

Хаттама ратификацияланған жағдайда оны жүзеге асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейтіні және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейтіні атап өтілген.

Шешім бойынша, егер бір қатысушы мемлекеттің азаматының екінші қатысушы мемлекеттің аумағында болу мерзімі 30 күнтізбелік күннен астам болса, бұл азамат еліміздің құзыретті органдарынан уақытша тұруға (уақытша тіркеуге) рұқсат алуы керек.

Factcheck.kz