Журналист Асхат Ниязовтың YouTube арнасына боттар шабуыл жасады

Журналист Асхат Ниязовтың YouTube арнасына белгісіз боттар шабуыл жасады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Түрлі фейк-аккаунттар оның видеосының астына 4 мыңнан астам рет “R.I.P.” деп жазып кеткен. R.I.P. (rest in peace) ағылшын тілінен қазақшаға аударғанда “жатқан жерің жайлы болсын” деген мағынаны білдіреді.

Бұған дейін 2023 жылдың соңында Асхат Ниязовтың әлеуметтік желідегі парақшасына кибершабуыл жасалған. Сол кезде оның Telegram арнасы бұғатталып қала жаздады.

Айта кетейік, былтыр журналистер, БАҚ өкілдері қоқан-лоқыға көп ұшырады. Азаттық радиосы 2023 жылды “журналистер жапа шеккен жыл” деп те атады.

Factcheck.kz