Иранда қаза тапқан Махса Әминиге Сахаров атындағы сыйлық берілді

Еуропа одағының адам құқығы бойынша Андрей Сахаров атындағы сыйлығы Иранда 22 жасында қаза тапқан белсенді Махса Әмини мен Иранның “Әйелдер, өмір, еркіндік” қозғалысына берілді. Бұл туралы Еуропарламент хабарлады.

“Жина Махса Әмини мен Иранның «Әйел, өмір, еркіндік» қозғалысы Еуропарламенттің 2023 жылғы Сахаров атындағы ой еркіндігі сыйлығымен марапатталды. Әйелдер үшін, өмір үшін, еркіндік үшін”, – делінген хабарламада.

2022 жылғы 13 қыркүйекте 22 жастағы Махса Әминиді полиция елдегі хиджаб кию ережесін бұзды деген айыппен ұстағанын айта кетейік. Ұсталғаннан кейінгі бірнеше сағаттан соң Махса Әмини ауруханға түскен. 16 қыркүйекте ес-түссіз жатқан әйел қайтыс болды.

Махса Әминидің қамауға алынған сәтін көрген куәгерлердің айтуынша, полиция әйелді тергеу изоляторына жеткізетін фургон көлікте соққыға жыққан.

Құқық қорғау органдары бұл ақпаратты жоқ шығарды. Олар бөлімшеге келгеннен кейін Аминидің жүрегі ауырғанын хабарлаған.

Махса Әминидің қазасы әлеуметтік желі мен Иранда жаппай наразылық тудырды. Көпшілік Иран билігін “әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты насихаттады” деп сынады. Оған қоса дәл сол кезде “Әйелдер, Өмір, Еркіндік” қозғалысы құрылды.

Factcheck.kz