Иранда Махса Аминидің өлімінен соң жүздеген адам наразылыққа шықты

Иранда Махса Аминидің қазасынан соң жүздеген адам наразылыққа шықты. Демонстрация 17 қыркүйекте Амини қайтыс болған Тегерандағы Касра ауруханасы маңында және марқұмның туған жері Сагез қаласында өтті. Наразылық акциясы басқа қалаларда да қолдау тапты. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Желіде жарияланған әуесқой видеоларға қарағанда, аза тұтушылар «Диктаторға өлім» деп айғайлаған. Кейбір әйел хиджабын шешіп, лақтырған.

13 қыркүйекте 22 жастағы Махса Аминиді полиция елдегі хиджаб кию ережесін бұзды деген айыппен ұстаған. Ұсталғаннан кейінгі бірнеше сағаттан соң Махса Амини ауруханға түскен. 16 қыркүйекте ес-түссіз жатқан әйел қайтыс болды.

Махса Аминидің қамауға алынған сәтін көрген куәгерлердің айтуынша, полиция әйелді тергеу изоляторына жеткізетін фургон көлікте соққыға жыққан.

Құқық қорғау органдары бұл ақпаратты жоқ шығарды. Олар бөлімшеге келгеннен кейін Аминидің жүрегі ауырғанын хабарлаған. Ал марқұмның анасы Моджган Амини қызының денсаулығы жақсы болғанын, жүрегі ешқашан ауырмағанын айтты.

Махса Аминидің қазасы әлеуметтік желілерде де жаппай наразылық тудырды. Көпшілік Иран билігін “әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты насихаттады” деп сынады.

Ақ үй 16 қыркүйекте Аминидің өлімін «кешірілмейтін жағдай» деп бағалады.

Біз 22 жастағы Махса Аминидің Иран полициясының қамауынан кейін соққыға жығылып, қайтыс болуына байланысты алаңдаулымыз. Оның өлімі – кешірілмейтін жағдай. Біз Иран шенеуніктерін адам құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартуды жалғастырамыз.

Джо Байден, АҚШ президенті.

Бұл туралы Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Twitter-де хабарлады.

Factcheck.kz