43 мемлекет Навальныйдың қазасын халықаралық тәуелсіз тергеуді талап етті

43 мемлекет ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қазасының мән-жайын анықтау үшін халықаралық тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етті. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Ресейлік оппозиция саясаткері Алексей Навальный колонияда қайтыс болғаннан кейін 40-тан астам ел қайғылы оқиғаның мән-жайын тәуелсіз тергеуге шақырды. Мұны БҰҰ жанындағы Еуропа одағы делегациясының басшысы Лотте Кнудсен 43 мемлекеттің атынан мәлімдеді. Бұл мемлекеттердің ішіне Еуропа елдері, АҚШ, Ұлыбритания, Украина, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Норвегия және тағы басқа елдер кіреді.

Біз ресейлік оппозиция саясаткері Алексей Навальныйдың өліміне қатысты жағдайға наразымыз, ол үшін басты жауапкершілік президент Путин мен Ресей билігіне жүктеледі. Ресей билігі оның кенеттен қайтыс болғанына байланысты тәуелсіз және ашық халықаралық тергеу жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.

Лотте Кнудсен, БҰҰ жанындағы Еуропа одағы делегациясының басшысы

Дипломаттың айтуынша, Навальныйдың күтпеген жерден өліп кеткені – Ресейдегі репрессияның күшеюінің тағы бір белгісі. Ол «азаматтық қоғамды жүйелі түрде басып-жаншу», Ресейдегі және шетелдегі саяси оппозицияның қуғын-сүргінге ұшырағанына алаңдайтынын айтты.

Factcheck.kz