Депутат интернет пен телекоммуникация туралы рас сөйледі ме?

8 желтоқсанда өткен сенаттың жалпы отырысында депутат Ғалиасқар Сарыбаев Қазақстандағы интернет пен телекоммуникация инфрақұрылымы туралы мәселе қозғап, бірнеше дерек келтірді.

Factcheck.kz сенатор сөзінің қаншалықты рас екенін тексерді.

Депутаттың айтқаны (тайм-код: 1:46:13)

Мәлімдеме: Телекоммуникация инфрақұрылымының индексі бойынша Қазақстан 3 позицияға төмендеп 64-орынға түссе, киберқауіпсіздіктің жаһандық индексі бойынша 40-орында.

Сарыбаев Ғалиасқар

Үкім: Манипуляция

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жөніндегі мамандандырылған мекемесі — Халықаралық телекоммуникация одағының ақпаратына сай, 2020 жылғы киберқауіпсіздіктің жаһандық индексі есебінде Қазақстан 93.15 баллмен 31-орынға тоқтаған. Депутаттың 40-орын туралы ақпараты 2018 жылғы есепке негізделген, яғни ескірген дерек.

Осы БҰҰ-ның 2022 жылғы Электронды үкімет индексінің субиндексі саналатын телекоммуникация инфрақұрылымының көрсеткішінде Қазақстан 0.7520 баллмен 65-орында тұр.

Мәлімдеме: Соңғы екі жылда елімізде интернет пайдаланушылар 7,04 %-ке, мобильді интернеттің абоненттер саны – 14,44%-ке өссе, кең жолақты интернет инфрақұрылымы бар болғаны 0,87%-ке өскен.

Сарыбаев Ғалиасқар

Үкім: Шындыққа жақын

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сай, 6-74 жас аралығында Интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 2020-2021 жылдары 88,2%-тен 92,9%-ке, яғни 4,7%-ке өскен. Ал Интернет желісіне қатынауы бар ұялы байланыс абоненттерінің саны сол уақытта 2,29%-ке, яғни 18 651 100-ден 19 079 700-ге көбейген. БҰҰ-ның рейтиңіне сай, бұл уақытта телекоммуникация инфрақұрылымының индексі 0.7024-тен 0.7520-ға, яғни 7%-ке өскен.

Мәлімдеме: Елімізде 100 адамның 15-і тұрақты Интернетке тіркелсе, ауылдық жерлерде желімен 100 адамның тек 8-і ғана қамтамасыз етілген

Сарыбаев Ғалиасқар

Үкім: Шындыққа жақын

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сай, 2021 жылы елімізде 100 адамға шаққандағы Интернет абоненттерінің тығыздығы 15 адам, ал ауылда 100 тұрғынға шаққандағы тіркелген желі саны 9,3 болған.

Оқи отырыңыз

Журналист-фактчекер, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өткен.

Factcheck.kz