Zoom қолданушыларының контентін пайдалануға рұқсат бермек

Zoom бейнеконференция қызметі пайдалану шарттарын өзгертті. Олар жасанды интеллектіні оқыту және оның функционалын сынау үшін қолданушылардың контентін қолдану құқығын енгізеді. Бұл туралы Securitylab Stack Diary-ге сілтеп хабарлады. 

Енді қолданушылар ЖИ алгоритімін “оқыту және баптау үшін” деректері пайдаланылуы мүмкін екенін білуі және оларды “кез келген мақсатта” алуға, жинауға, қолдануға таратуға, өңдеуге, сақтауға рұқсат беруі керек.

Zoom өнімінің директоры Смит Хашимның айтуынша, бұл қолданушылардың контентке қатысты меншік құқығын бұзу болып саналмайды. Компания тұтынушының рұқсатынсыз жасанды интеллект моделін қолданбадағы хат, аудио, видео арқылы оқытпайды.

Контекст

2023 жылғы 11 шілдеде Clarkson заң фирмасы Google-ға, оның бас компаниясы Alphabet-ке және Google-дың жасанды интеллект саласына қатысты DeepMind компаниясына қарсы Калифорния сотына арызданған. Арыз Google құпиялық саясатын жаңартқаннан кейін сотқа берілген. Себебі олардың жаңа ережесі бойынша, енді компания Bard, Cloud AI және Google Translate сияқты әртүрлі жасанды интеллект қызметін әзірлеу және дамыту үшін интернеттегі жалпығы ортақ, ашық деректерді пайдаланады.

Ал заң фирмасы арызында “миллиондаған америкалықтың” көп жылдан бері интернетке жариялаған ақпарат рұқсатсыз Bard чат-боты сияқты жасанды интеллектіні әзірлеуге қолданылып жатқанын, автор құқығы бұзылып жатқанын мәлімдеген.

Factcheck.kz