ЖИ мен журналистика туралы халықаралық хартия жарияланды

«Шекарасыз репортерлар» халықаралық құқық қорғау ұйымы (RSF) 16 серіктес ұйыммен бірлесіп, жасанды интеллект пен журналистика туралы Париж хартиясын шығарды. Авторлар жарғы журналистерге жасанды интеллектпен жұмыс істегенде БАҚ қағидаларын анықтауға көмектесетінін айтады. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Хартияда 10 қағида жазылған. Мысалы, ондағы қағида бойынша, жасанды интеллект дұрыс ақпарат тарату, бейтарап болу, жеке өмірді құрметтеу және оған қол сұқпау, жеке деректерді құпия ұстау сияқты журналистика этикасының негізгі құндылықтарына қызмет етуі керек.

Жарғыда журналистиканың мақсаты қоғамға шынайы және жасанды интеллект арқылы жасалған контентті ажыратуға көмектесуі керек екені айтылған. Оған қоса БАҚ өкілдерінің өзі жасанды интеллектіні қолданса да, контенттің қалай жасалғанын ашық айтып, оған жауапты болуға тиіс.

«Технология инновациясы автомат түрде прогресске әкелмейді: ол адамзатқа шынайы пайдалы болуы үшін этикаға басымдық беруі керек», – деп жазды авторлар.

Париж хартиясы — жасанды интеллект пен журналистикаға арналған алғашқы халықаралық этика нұсқаулығы. Фактілер мен дәлелдер, шынайы және синтетикалық мазмұн арасындағы нақты айырмашылық, адамның редакциялық тәуелсіздігі мен жауапкершілігі жасанды интеллект дәуіріндегі сенімді жаңалықтар мен ақпаратқа құқықтың негізгі кепілі болады.

Мария Ресс, журналист

10 қағидан тұратын жарлықты журналист Мария Ресстің төрағалығымен RSF жинаған комиссия – азаматтық қоғамның түрі саласындағы мамандар, жасанды интеллект саласындағы сарапшылар, медиа өкілдері мен журналистер жазды.

Factcheck.kz