Жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан екі адам айыппұл төлейді

Алматыда болған жер сілкінісі кезінде жалған ақпарат таратқан екі адамға жаза берілді. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратура хабарлады.

Қазіргі уақытта жер сілкінгенде фейк ақпарат таратқан 18 және 29 жастағы әйел анықталды. Олардың әрқайсы 36 920 теңге айыппұл төлейді.

“Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды”, – делінген қалалық прокуратура сайтында.

Factcheck.kz