Дүниежүзінде бірінші рет болып жатқан “Жасанды интеллект аруы” деген байқаудың жеңімпазы анықталғаны жөнінде ақпарат тарады. CNN басылымының дерегі бойынша, жеңімпаз – ЖИ жасайтындардың ортасында «әртүрлік пен инклюзивті» әкелуге үміттенетін марокколық инфлюенсер Кенза Лейли. Лейлидің Instagram-да 200 мың және TikTok-та 45 мың оқырманы бар. Оның суреттері де, жазбаларындағы мәтіндері де жасанды интеллект арқылы жасалған.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, “ЖИ аруы” деген алғашқы байқау көктемде басталды, оған әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 1500 ЖИ бағдарламашы қатысты. Лейлиді Phoenix ЖИ негізін қалаған Мириам Бесса жасаған. Енді оған Лейлиді таныту үшін 5000 доллар беріледі және Fanvue компаниясынан қолдау көрсетеді. Екінші орынды франциялық Лалина Валина мен португалиялық Оливия С алды.
TechTimes ЖИ байқауы туралы кейбір сарапшының пікірлері жазылған материалды жариялады. Hugging Face компаниясының жасанды интеллект зерттеушісі, доктор Саша Луччиони алаңдаушылық білдіріп, бұл байқау да әйелді объектіге айналдырып жатқанын айтты.
Сарапшыларды байқау ережелері де таңғалдырды, өйткені олар ойдан шығарылған кейіпкерлер мен оларды жасағандардың арасындағы шекараны жоқ болып бара жатқанын айтады.
Байқауға қатысқандар үш критерий бойынша бағаланды: сұлулық (бірінші критерий сұрақтарға жауап беру сияқты дәстүрлі байқау элементтерін де қамтыды); жасанды интеллект үлгілерін енгізу және бөліктерді визуализациялау бойынша техникалық дағдылар; әлеуметтік желілерге әсері.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.