Зеленскийдің дәрігері Еуропаға қашып кеткен бе?

2024 жылғы шілдеде әлеуметтік желіде Украина президентінің дәрігері шетелдегі конференциядан оралмағаны туралы ақпарат тарады. Мұны BBC Bellingcat зерттеуіне сүйеніп хабарлады деседі. “Проверено” басылымы ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Көпшілік арасында тараған видеоның ұзақтығы – 80 секунд. Онда Владимир Зеленскийдің аты аталмаған жеке эндокринологы Ұлыбританиядағы конференцияға барғаннан кейін Украинаға оралмағаны айтылады. Дәрігер 15 шілдеде Лондон Императорлық коллежінде өткен конференциядан кейін жоғалып кеткен. Ол Лондон Ритц қонақүйіндегі бөлмесіне оралмаған, ал 16 шілдеде оны Париждегі украин эмигранттарының орталығында көргендер бар деседі. Дәрігер Париж префектурасына Францияда заңды түрде алты айдан үш жылға дейін қалуға мүмкіндік беретін қорғау туралы өтінішпен жүгінген дейді.

Алайда бұл ақпаратты BBC таратты десе де, бірде-біреуі оған дереккөз ретінде сілтеме көрсетпеген.

Фактчекерлер BBC-дің барлық ресурсын (Facebook, X, Instagram, Tiktok, Youtube) тексеріп шықты, бірақ бұған қатысты ешқандай видео таппады. Видеода Bellingcat зерттеуі туралы айтылады. Алайда оның да ресми сайтында Зеленскийдің дәрігеріне қатысты дерек, зерттеу жоқ.

Оның үстіне көпшілік арасында тараған видеоның форматы BBC арнасыныкіне ұқсамайды. Әдетте медиакорпорацияның бейнелерінде диктордың пікірі беріледі. Ал мұнда субтитр берілген.

Фактчекерлер Лондон Императорлық коллежінің кестесін де қарап шықты. Шілденің ортасында Зеленскийдің дәрігері барды деп ойлаған іс-шара болмаған.

Видеода көрсетілген кадрлар ашық дереккөзден алынған әрі бұл жағдайға еш қатысты жоқ деуге болады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz