Ядролық қаруға толы зымыран тасығыш: Путин соғысқа дайындалып жатыр ма?

2024 жылғы 29 ақпанда желіде бір видео тарады. Оны жариялаған автордың айтуынша, видеода Ресейдің ядролық қаруға толы құрлықаралық зымыран тасығыштарын түнде көшеде әкетіп бара жатқаны көрсетілген. Snopes фактчекерлері деректі тексерді.

“Президент Путин ядролық қаруды тасып жатыр. Ресей ойын ойнап жатқан жоқ. НАТО, ООБ, сіздер жеңе алмайсыздар. Беріліңіздер”, – деп жазды автор видеоның сипаттамасына.

Бұл бейнені басқа да қолданушылар таратты. Олар Путин жойқын соғысқа дайындалып жатыр деп топшылады.

Алайда қолданушылардың топшылап отырған мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Себебі 2024 жылғы ақпанның соңында түсірілген видеода 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, ақпанда Ресейде жыл сайын өтетін әскери шеруге құрлықаралық баллистикалық зымыран сияқты ұшу қондырғыларының қозғалысы ғана көрсетілген.

2024 жылғы 27 ақпанда Vmeste-rf.tv уеб-сайты мақала жазып, дәл осы видеоны жариялады. Онда былай делінген: “Ресей әскерилері Қызыл алаңда Жеңіс шеруіне дайындықты бастады. Мәскеу түбіндегі Алабино оқу-жаттығу лагеріне Ярс автономиялық зымырандарының механикаландырылған колоннасы әкелінді”.

Factcheck.kz