WEF: Жалған ақпарат — негізгі қысқамерзімді жаһандық қауіп

Дүниежүзілік экономика форумы баяндамасында алғаш рет жалған ақпарат пен дезинформацияны негізгі қысқамерзімді жаһандық қауіп деп атады. Ал ауа райының, климаттың өзгеруі ұзақмерзімді қауіп болып саналды. Бұл деректер 1940 сарапшының тұжырымына негізделген. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

Сарапшының 53%-ы технология саласындағы негізгі қауіп деп жалған ақпаратты, содан кейін ғана кибершабуыл мен жасанды интеллектінің дамуының салдарын айтты. Қысқа мерзімді перспективада (2 жылға) жалған ақпарат ең үлкен қауіп болып саналады, содан кейін экстремал ауа-райы, әлеуметтік және саяси поляризация, мемлекеттер арасындағы қарулы қақтығыстар, экономикалық мүмкіндіктердің тапшы болғаны, инфляция, мәжбүрлі көші-қон, рецессия және ластану сияқты мәселелер бар.

Баяндамада жасанды интеллект салдарынан жалған ақпарат оңай тарап жатқаны жазылған.

Ал ұзақ мерзімді перспективада (10 жыл) экологиялық қауіптер, соның ішінде биоәртүрліліктің жоғалуы және экожүйелердің күйреуі бірінші орында, ал жалған ақпарат бесінші орында. 

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz