Видеода Зеленскийдің күзетшісі Нью-Йорктағы барда төбелескені бейнеленген бе?

2023 жылғы қыркүйекте желіде Украина президентінің қауіпсіздік қызметінің қызметкері Нью-Йорктағы бардың бірінде төбелесіп қалғаны туралы ақпарат тарады. Тіпті сол сәттің видеосы бар деседі. Бұл жағдай Зеленскийдің БҰҰ бас ассамблеясына сапары кезінде болған деген болжам бар.
“Проверено” басылымы роликке қатысты ақпаратты тексерді.

Желідегі ақпаратқа сәйкес, оқиға 21 қыркүйекте БҰҰ-дың штаб-пәтерінің жанында орналасқан The Campbell Bar-да болған. Зеленскийдің күзетшісі мас болып, барға келген адамдарды “Слава Украине” деп айқаулауға мәжбүрлеген. Кейін оларды соққыға жыққан. Бұл мағлұмат және видео бірқатар жерде жарияланды (1, 2, 3).

Алайда видеоға қатысты ақпарат — фейк.

Біріншіден, видеода Манхеттендегі The Campbell бары емес, Бруклиндегі Quentin Road көшесі бейнеленген. Бұл көше БҰҰ штаб-пәтерінен алыста орналасқан. Екіншіден, видеода USA Today басылымының логотипі тұр. Бірақ редакция мұндай ақпарат таратпағанын мәлімдеді. Үшіншіден, видеода оның түсірілген уақыты жартылай көрінген, яғни 7 қазан деп тұр. Бірақ қай жылы түсірілгені белгісіз. Десе де бұл дата Зеленскийдің БҰҰ Бас ассамблеясының жиынына келген сапарының мерзімімен (19-22 қыркүйек) сәйкес келмейді. Нью-Йорк полициясы да вирустық видеода сипатталған оқиға туралы ештеңе білмейтінін атап өтті.

Осылайша, тараған видеоға қатысты ақпарды фейк деуге болады.

Factcheck.kz