Видеода Мароккодағы жер сілкінісі бейнеленген бе?

2023 жылғы 8 қыркүйекте Марокконың Марракеш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 72 шақырым жерде қатты жер сілкініп, салдарынан Атлас тауларының етегіндегі ауылдар жойылды. Екі күннен кейін аймақта қайта жер сілкінді. Апаттан қаза тапқандар саны 2 000-нан астам асты. Қайғылы оқиғадан кейін интернетте жер асты дүмпулері кезінде қираған ғимараттардың видеосы тарай бастады. Сондай роликтің бірі Instagram және TikTok-қа жарияланды. Agence France Press оны тексеріп көрді.

Видеода Мароккодағы жер сілкінісі бейнеленген бе?

Фактчекерлер видеода 2020 жылы тозығы жеткен ғимараттың құлағаны бейнеленгенін анықтады. Ондағы сипаттамасы араб тілінде жазылған.

Оған қоса InVID-WeVerify құралы арқылы 2020 жылғы тамызда француз жаңалығының репортажын тапты.

Хабарламаға сәйкес, кадрда Марокконың Касабланка қаласында 2020 жылғы тамызда құлаған ғимарат көрсетілген. Бейне YouTubе және X (бұрынғы Twitter) желісіне үш жыл бұрын жарияланған.

Одан кейін Марокко медиалары да үш қабатты ғимараттың қирағаны бейнеленген видеоны жариялаған. Оқиғаға дейін жергілікті билік ғимаратты адам тұруға жарамсыз деп таныған.

Factcheck.kz