Видеода Газадағы өтірік құрбандар бейнеленген бе?

2023 жылғы қазанда ақ матаға оралған адамдардың денесі бейнеленген видео тарады. Бір қызығы, кадрдағы кейбір адам қозғалады. Осыдан кейін көпшілік “ХАМАС Газадағы құрбандарды осылай өтіріктен көрсетіп жатыр” деп топшылады (1, 2). “Проверено” басылымы видеоны және оған қатысты ақпаратты тексеріп көрді.

Роликте ақ матаға оралған адамдар жатқаны көрсетілген. Кейбір матада арабша “азапталушы” деп жазылған. Кейін ондағы бір адам қозғала бастайды. Видеоның соңында әлгі жігіттің күлгені көрсетіледі.

Кері іздеу жүйесі арқылы бұл видеоның интернетке жарияланғанына біраз болғаны анықталды. Мысалы, 2021 жылы Twitter желісіне Израильдің премьер-министрінің баласы Яир Нетаньяху дәл осындай мәлімдемемен жариялаған. 2018 жылы да Газадағы ХАМАС-тың жасап отырған қойылымы деп тараған.

Алайда бұл видеоның ХАМАС-қа еш қатысы жоқ. Бұл кадр 2021 жылы тарағанда France Presse фактчекерлері ақпаратты теріске шығарған. Олар 2013 жылы “әл- Бәділ” оппозициялық басылымның YouTube-арнасына жарияланған видеоны тапты.


Видеода 2013 жылы Каирдағы әл-Азхар университеті студенттерінің наразылығы бейнеленген. Студенттер ол кезде Мысырдың лауазымынан айырылған президентін және “Мұсылман бауырлар” ислам қозғалысын қолдау үшін протеске шыққан. YouTube-та университет алдында өткен акцияның басқа ракурстан түсірілген видеосы бар.

Осылайша, желіде тараған видеоның Израиль-Палестина соғысына, жалпы Газадағы ХАМАС-қа еш қатысы жоқ.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz