Усама бен Ладеннің АҚШ саясаткерлерімен түскен фотосы рас па?

Әлеуметтік желіде Усама бен Ладеннің Барак Обамамен, Кондолиза Райспен және Хиллари Клинтонмен түскен суреті тарады. Кейбір қолданушы “Бұл фото — АҚШ саясаткерлерінің қыркүйекке дейін Усама бен Ладенмен кездескенінің дәлелі” дейді. Snopes.com суретті тексеріп көрді.

Үш сурет бірқатар жерде бірнеше тілде жарияланды (1, 2, 3). Мысалы, X-тегі бір жазба 119 мың қаралды.

Усама бен Ладеннің АҚШ саясаткерлерімен түскен фотосы рас па?

TinEye жүйесі арқылы суреттің интернетте 2015 жылдан бері тарап жүргені анықталды.

Үш фотоның бірінде Барак Обама мен Бен Ладен бейнеленген. Алайда ол — фейк. Суреттің түпнұсқасында Барак Обама мен прокурор Андре Вутен бейнеленген. Олар сенатор Гавайиға барғанда түскен. Оған қоса сурет “Гавайидегі афроамерикалық заңгерлер кітабының” мұқабасы үшін қолданылған.

Усама бен Ладеннің АҚШ саясаткерлерімен түскен фотосы рас па?

Екінші суретте бен Ладеннің жанында Кондолиза Райс тұр. Х-тегі бір жазбада екеуінің 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған терактіге дейін, екі апта бұрын түскені айтылған.

Шән мәнінде, бұл – фейк сурет. Оны 2018 жылғы 1 сәуір – әзіл күніне орай, FreakingNews.com сайтының ұйымдастырған байқауы үшін жасаған. FreakingNews.com – фотошоп арқылы жасалған түрлі жаңалық конкурсына арналған сайт.

Усама бен Ладеннің АҚШ саясаткерлерімен түскен фотосы рас па?

Ал үшінші суретте бен Ладен мен АҚШ сенаторы Хиллари Клинтон бейнеленген. Алайда ол да шынайы емес. Бұл фото да FreakingNews.com ұйымдастырған байқау үшін фотошоп арқылы жасалған. Суреттің түпнұсқасында Клионтон үндістандық Шубхашишу Мукерджимен бірге тұр.

Усама бен Ладеннің АҚШ саясаткерлерімен түскен фотосы рас па?
Factcheck.kz