13 шілдеде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықтан кейін Құпия қызмет агенттері карабині бар адамды ұстап, көзін жойды. Федералды тергеу бюросының ақпараты бойынша, қылмыскер 20 жастағы Томас Мэттью Крукс болып шықты. Көп ұзамай БАҚ, Telegram арналары және қарапайым интернет қолданушылары “қылмыскердің атысқа дейін түсірген видеосы” деп бір бейнені және фотосын тарата бастады. Онда бейнеленген адам «Менің атым Томас Мэттью Крукс, мен республикашылдарды жек көремін, Трампты жек көремін және сіздер басқа жігітті ұстадыңыздар», – дейді. Проверено басылымы ақпаратты тексерді.
Бұл ақпарат бірқатар жерде жарияланды (1, 2, 3).


13 шілде кешке ФТБ оқ атқан адамның кім екенін ресми түрде жарияламай тұрып, интернет қолданушылары оның суретін жариялай бастады. Кейін шабуыл жасаған адамның аты-жөні белгілі болған соң, БАҚ Крукстың мектеп кезіндегі суреттерін іздеді.


Екі адамның (көк футболкадағы адам мен Крукс) мұрнында, қасында, құлағында және иек пішінінде айтарлықтай айырмашылық бар. Крукстың әлдеқайда арық екені де байқалады.
Lead Stories жобасының фактчекерлерінің ақпараты бойынша, көк киім киіп тұрған адамның артқы жағынан түсірілген фотосын 2024 жылғы 13 шілдеде @jewgazing қолданушысы X әлеуметтік желісіне жариялаған. Сипаттамасына: «Шұғыл: Трампты атқан адам анықталды» деп жазған. Шамамен екі сағаттан кейін ол желіге тараған видеоны жариялады.
Ол өзінің Круксқа ұқсайтынын байқап, әзілдеп осындай жазба жариялаған. Дегенмен оның фотосы кеңінен тарап кетеді деп ойламаған болса керек.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.