Әлеуметтік желіде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональ Трамптың және Құпия қызмет адамдарының шабуылдан кейін күліп тұрғаны бейнеленген фотосы тарады. Оған қарап адамдар “Трампқа жасалған шабуыл – қойылым” деп топшылады. Reuters фактчекерлері суретті және оған қатысты ақпаратты тексерді.

“Неге Құпия қызмет күліп тұр? Қойылым!”, – деп жазылған Threads желісінде.
Алайда фактчекерлер суреттің өңделгенін анықтады.
Түпнұсқа суретті Associated Press фотографы Эван Вуччи түсірді. Онда Трамп та, арнайы Құпия қызмет адамдары күліп тұрған жоқ. Бәрі өзін байсалды ұстап тұр.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.