Тим Кук Apple-дың жасанды интеллект “галлюцинациясын” 100% тоқтата алатынына сенімді емес

Apple-дың бас директоры Тим Кук компанияның жасанды интеллект “галлюцинацияларын” (қатесін — ред) толық тоқтата алатынына сенімді емес. Бұл туралы The Verge басылымы The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлады.

«Өте сапалы болатынына сенімдімін. Бірақ, шынымды айтсам, 100% тоқтата аламыз демес едім. 100% тоқтатамыз деп ешқашан айта алмаймын», – деді Тим Кук.

Дүниежүзілік әзірлеушілер конференциясында Apple өзінің жаңа Apple Intelligence деген жүйесін таныстырды. Жүйе iPhone, iPad және Mac үшін жасанды интеллект функцияларын қамтамасыз етеді. Олар сізге электрон пошта жауаптарын жасауға, өз смайлдарыңызды жасауға, мәтіндерді қорытындылауға және тағы басқа мүмкіндік береді.

Барлық басқа жасанды интеллект жүйелеріндегідей мұнда да «галлюцинациялар» болуы мүмкін.  Мысал ретінде басылым Google компаниясының Gemini негізіндегі жасанды интеллектінің қолданушыға пиццаға ірімшіктің орнына желім қолдануды ұсынғанын, жақында ChatGPT-де болған қатені айтты.

Сонымен қатар Apple ChatGPT-ді Siri-ге біріктіру үшін OpenAI-мен серіктес болатынын хабарлады. Дауыстық көмекші ChatGPT-ге чат-ботқа қолайлы сұрақ келгенде хабарласады, бірақ мұны жасамас бұрын рұқсат сұрайды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz