Ташкентте Ресей билігін сынаған әзілкештің микрофоны өшірілді

Ресей билігін Ташкенттегі концертінде сынаған ресейлік стендап-комик Данила Поперечныйдың микрофоны өшірілді. Бұл туралы “Азаттық радиосы” хабарлады.

Куәгерлердің сөзінше, Поперечный соғыс, Ресей президенті Владимир Путин, саясат жөнінде қалжың айтқанда микрофоны бірден өшірілген. Әзілкеш бұл жағдай үшін көрерменнен кешірім сұраған.

Соңында жергілікті құқық қорғау органдарының нұсқауымен материалдың кемінде 50 минуты жойылды. Өз үйімде отырғандай болдым“, – деді Поперечный.

Басылымның хабарлауынша, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Данила Поперечный Ресейден уақытша кеткен. Қазір ол ел аралап, концерт өткізіп жүр.

Factcheck.kz