Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 29 адам жауапқа тартылды

Елдегі су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 29 қазақстандық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Алты азамат қамауға алынды. Екі жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, ал қалған азаматтарға айыппұл салынды. Бұл ақпаратты премьер-министр Олжас Бектеновтың мәжілісмен Сергей Пономаревтің депутаттық сауалына берген жауабында айтқан.

Премьер-министрдің айтуынша, жалған немесе бұрамаланған ақпарат таратуға қатысты жалпы 41 дерек тіркелген. Оны жариялаған алты алғашқы дереккөз анықталған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz