Сүттің бөтелкесіне мерзімін жазып қоюды гангстер Аль Капоне ойлап тапқан ба?

Кейінгі уақытта “америкалық гангстер Аль Капоне азық-түліктің, соның ішінде сүттің мерзімін жазып қоюды ойлап тапты” деген ақпарат тарап жүр. Бұл мәлімдеме бірқатар жерге жарияланды (1, 2, 3). Snopes фактчекерлері деректің рас-өтірігін тексеріп көрді.

Аңыздың екі нұсқасы бар. Біріншісі бойынша, Аль Капоне әпкесі ашып кеткен сүтті ішіп, ауырып қалған соң, оның сыртына мерзімін жазып қоюды ойлап тапқан деседі. Екінші нұсқа бойынша, Аль Капоне ішімдік құйылған бөтелкелерді шығаратын құрылғыларды бақылауда ұстаған. Сондықтан сүттің сыртына мерзімін жабыстырып қою оған қосымша табыс болатынын түсінген деседі.

Алайда BBC агенттігі бұл мәлімдемелерді 100% растайтын бірде-бір сенімді дәлелді таппады.

Бұл мәлімдеме гангстердің немере қарындасы Дейрдре Мари Капоненің 2010 жылы “Аль Капоне аға: оның отбасылық өмірінен айтылмаған оқиғалар” деген кітабы жарық көрген соң тараған болса керек. Онда былай делінген:

“Аль аз мән берілетін кәсіп түріне ден қойды, сөйтіп кенеттен сүт өнеркәсібі туралы білді. Өзі де “сізде адамдарға күнде қажет болатын өнім болуы қажет” деген. Ішімдік ондай өнім емес. Көп адам ойын-сауық кешінде бірнеше бөтелке джин мен скотч (коктейлді қоспағанда) сатып алады. Сенбі кешке жұмыстан шыққан адам бір бөтелке пиво ішеді де, тоқтайды. Ал сүт ше?? Әрбір отбасы оның үстелінде болғанын қалайды…Достар, алкогольге қарағанда жаңа шыққан сүт көп сұранысқа ие екенін білесіздер ме? Шыны керек, біз басынан-ақ дұрыс емес кәсіппен айналысқанбыз”. Аль мен Ральф (Ральф – Аль Капоненің ағасы – ред) бөтелкеге сусынды құйып беретін зауытпен жұмыс істеп жүрген болатын. Сондықтан өнімдерінің арасында сүтті қосу оларға қиын шаруа емес еді. Сүт өнімдеріне мерзімін алғаш болып менің атам Ральф жазды деседі. Көбі “Бөтелке” деген лақап атқа ол бөтелке шығарғаны үшін ие болды деп ойлайды. Шын мәнінде, ол азық-түлік дүкеніндегі адамдар өнімнің қаншалық сапалы әрі жаңадан шыққанын білуі үшін сүт өнімдерінің бөтелкесінің сыртына мерзімін жабыстыру идеясынан кейін ие болды”.

Фактчекерлер бұл мәлімдемені растайтын сенімді ақпарат таппады. Оған қоса АҚШ-та өнімдердің сыртына мерзімін көрсету заңы 1947 жылы Аль Капоне қайтыс болғаннан кейін, он жыл ішінде қабылданды. Оның үстіне бұл елде мерзімін көрсетуге қатысты нақты талап жоқ. Ол тек балаларға арналған өнімге қатысты. Қалған маркировкаларды кәсіпкерлер өз еркімен жасайды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz