Интернетте сыртында “адренохром” деген жазуы бар сыра бөшкелерінің суреті пайда болды. Оған қоса “Shell компаниясы Heineken бөшкелері арқылы химиялық затты дүниежүзіне таратып жатыр” деген ақпарат тарады. Reuters басылымы сурет пен мәлімдемені тексеріп көрді.
Бөшкенің суреті 22 ақпанда Билл Гейтс Heineken Holding NV компаниясының 3,76% акциясын сатып алғаны туралы хабардан кейін пайда болды.
Осыған ұқсас жазбаларды Twitter мен Facebook-тен де көруге болады.

Адренохром – адреналиннің тотығуы нәтижесінде түзілетін қызыл түсті зат (мұнда, мұнда). Үш жыл бұрын бұл зат балаларды құрбандыққа шалатын жер асты вампирлері туралы қастандық теориясының негізі болды.
Алайда фактчекерлер фотодағы 2018 жылы Лондон өнер университетіндегі (UAL) көрмеге қойылған өнер нысаны екенін анықтады.
Сыра бөшкелерін суретші Наталья Ламберт “Андренохром” жобасы аясында жасаған. Бөшкенің басқа фотоларын Ламберттің Instagram-ынан және UAL Орталық Сент-Мартинс өнер және дизайн колледжі түлектерінің парақшасынан көруге болады.
Колледждің өкілі Reuters агенттігіне хабарласып, суретті оқу орнының түлегі 2018 жылғы көрме үшін жасағанын айтты.
Наталья Ламберт де Reuters агенттігіне көпшілік арасында тараған сурет өзінің туындысы екенін растады. Оған қоса ол: «Shell және Heineken-ке қатысты мәлімдемелерді білмеймін және оған еш қатысым жоқ», – деді.
Ал Heineken компаниясының өкілі агенттікке компания ешқашан адренохромды өндірумен, тасымалдаумен немесе жөнелтумен айналыспағанын мәлімдеді.
Shell компаниясының өкілі Джонатан Френч суреттің жазуына қатысты мәлімдемені «толығымен жалған» деп, компанияның химиялық қоржынында андрехроном болмағанын айтты.
Осылайша, Shell компаниясы Heineken бөшкелері арқылы химиялық затты дүниежүзіне таратып жатқаны туралы ақпарат жалған болып шықты.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.