Сербияда “Барби” фильміне тыйым салынды ма?

Instagram парақшасында “Ұлы Албания картасына қатысты жанжалдан соң Сербияда “Барби” фильміне тыйым салынды” деген ақпарат тарады. Ондағы картада Черногорияны, Солтүстік Македония Республикасын және Косовоны қоса алғанда, Балқандағы этникалық албандар мекендеген аумақ көрсетілген. Оның үстіне скриншоттағы мағлұмат BBC сайтының стилімен берілген. Reuters фактчекерлері деректің рас-өтірігін және BBC сайтының мұндай ақпарат таратып-таратпағанын тексеріп көрді.

Сербияда “Барби” фильміне тыйым салынды ма?

Фактчекерлер жазбадағы материалды BBC-дің архивінен іздеп көрді, бірақ одан нәтиже шықпады. Кейін медиа өкілдері бұл скриннің фейк екенін, олардың жаңалығына негізделмегенін мәлімдеді. Көпшілік арасында тараған скрин суретті мұқият қарасақ, фильмнің кадры екенін байқауға болады. Бірақ ондағы карта өңделген.

Кадрдың түпнұсқасында бас кейіпкер Марго Робби басқа картаның алдында тұр. Бір қызығы, шын мәнінде, фильмге Вьетнамда тыйым салынды, өйткені жергілікті билікке Оңтүстік Қытай теңізінің онда қалай бейнеленгені ұнамаған (мұнда, мұнда). Оның үстіне, өңделген скриннің фонына фильмнің басқа кадры қолданылған.

Ал Сербиядағы кинотеатрлардың жоспарланған тізімінде “Барби” фильмі бар.

Осылайша, Instagram-да тараған скрин мен ондағы ақпарат — фейк.

Factcheck.kz