Қазақстандық Arbat.media басылымы Ресей аумағында бұғатталды. Шешім 25 сәуірде қабылданған. Бұл туралы медианың өзі 2023 жылғы 27 сәуірде хабарлады.

Былтыр қарашада Роскомнадзор Arbat.media сайтына Украинадағы соғысқа қатысты материалын өшіруді талап етіп, хат жолдады. Бірақ басылым Ресей билігінің талабын орындамады. 2023 жылғы 17 ақпанда осы мәселеге байланысты қазақстандық редакция Владимир қаласындағы Ленин аудандық сотына шақырту алды.
Владимир облысындағы Роскомнадзор басқармасының мәліметінше, басылым Украинадағы соғыс туралы “шындыққа сай келмейтін, жалған ақпарат таратқаны үшін” сотқа шақырылды.
Контекст
Айта кетейік, Украинада соғыс басталған соң және “Ресей әскеріне қатысты жалған ақпарат” туралы қылмыстық бап пайда болғаннан кейін, Ресей билігі Украинадағы жағдайды “арнайы операция” емес, соғыс деп жазған сайттардан материалын алып тастауын жиі талап ететін болды. Олардың қатарында бірқатар қазақстандық медиа бар (1, 2).
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.