“Оппенхаймер” фильмінде “қаранәсілді” актер жоқ па?

2023 жылғы шілдеде желіде “Атом бомбасын жасаған ғалым Оппенхаймер туралы фильмге түскен актерлардың қатарында бірде-бір “қаранәсілді” адам жоқ” деген ақпарат тарады (1, 2, 3, 4, 5). “Проверено” фактчекерлері мағлұматты тексеріп көрді.

"Оппенхаймер" фильмінде "қаранәсілді" актер жоқ па?
Желіде тараған ақпараттың скрині

Режиссер Кристофер Ноланның жаңа фильмі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ физигі Роберт Оппенхаймердің ядро қаруын жасағаны, Манхэттен жобасына жетекші болғаны туралы. Шын өмірдегі атом бомбасына қатысты жобаға афроамерикалықтардың да ат салысқаны белгілі. Мысалы, Чикаго университетінің уеб-сайтындағы материалда АҚШ-тың Ұлттық саябақ қызметінің дерегіне сүйеніп, зерттеушілердің негізгі тобында кем дегенде 12 “қаранәсілді” физик пен химик болғаны жазылған. Дегенмен кей жерде дерек әртүрлі: Knoxville News Sentinel газетінің мақаласында “15 қаранәсілді” ғалым деп жазсылса, Business Insider сайтында 19 адам делінген.

Желіде тараған жазбаларда “Оппенхаймер” фильміне 28 актер түскен” деп жазылған. Шын мәнінде, фильмде одан көп актер рөлін сомдаған.

IMDb-дегі ақпарат бойынша, “Оппенхаймер” титрінде 80 актердың аты көрсетілген. Оған қоса онда аты көрсетілмеген, бірақ түсірілімге қатысқан 50-ге жуық актер бар. Барлығы 130 адамның ішінде афроамерикалықтың болмауы күмәнді.

Мысалы, фильмге түскен актердың бірі — Рональд Огюста. Ол Джей Эрнест Уилкинс деген “қаранәсілді” ғалымды сомдады. Атом ғылымы және тарихы ұлттық музейі және АҚШ-тың ұлттық саябағы қызметінің сайтындағы мәлімет бойынша, 13 жасында Уилкинс Чикаго университетіне қабылданған ең жас студент болды. 19 жасында ол доктор дәрежесін алған, ал 21 жасында Манхэттен жобасында істей бастаған.

"Оппенхаймер" фильмінде "қаранәсілді" актер жоқ па?

Оның үстіне, Уилкинс сомдаған кейіпкерді фильмнің ресми трейлерінен көруге болады.

Фильмнің массовкасына да бірнеше афроамерикалық түскен.

"Оппенхаймер" фильмінде "қаранәсілді" актер жоқ па?

Осылайша, “Оппенхаймер фильміне бірде-бір афроамерикалық актер түспеді” деген мәлімдеме — жалған.

Factcheck.kz