OpenAI ЖИ компанияларына қатысты заң жобасына қарсы болды

Openair компаниясы жасанды интеллект компаниялары үшін жаңа қауіпсіздік талаптарын енгізуді көздейтін SB 1047 заң жобасына қарсы шықты. Компания әзірлеушілері заң жобасы технологияның дамуын бәсеңдетуі мүмкін деп санайды. Олардың сөзінше, мұндай мәселелерді реттеу штат емес, федерал деңгейде жүргізілуі керек. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

OpenAI Калифорния штатының сенаторы Скотт Винерге жазған хатында бұл заң қабылданса, АҚШ-тың жасанды интеллект бәсекесіне қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін екеніне алаңдайтынын жеткізді.

Сенатор Винер ұсынған SB 1047 заң жобасы үлкен ЖИ үлгілерін әзірлейтін компаниялар үшін “ақылға қонымды қауіпсіздік стандарттарын” орнатуға бағытталған. Егер заң қабылданса, мұндай компаниялар өздерінің технологиялары биологиялық қаруды жасауға ықпал ету, 500 миллион доллардан астам қаржылай зиян келтіру сияқты жағдай болмас үшін шаралар қабылдауға міндеттеледі.

Сонымен қатар заң компаниялардан жүйелерді өшіруді және апаттардың алдын алу үшін шаралар қабылдауды және Калифорния Бас прокурорына есеп беруді талап етеді. Олар бұл талаптарды орындамаса, ісі сотқа барады және айыппұл алады.

Заң жобасы қазірдің өзінде ірі технология компанияларының, стартаптардың және венчурлық капиталистердің сынына тап болды. Олар бұл дамудың бастапқы сатысында тұрған технологияның ісіне шамадан тыс араласып кетіп жатқанын айтады және мұндай шаралар штаттағы технология инновацияларын тежеуі мүмкін деп санайды. Хатта Openair заң қабылданса, дамып жатқан компаниялар Калифорниядан кетуге мәжбүр болады дейді.

Скотт Винер заң жобасы Калифорнияда бизнес жүргізетін кез келген компанияға қатысты екенін атап өтті. Сондықтан, оның пікірінше, OpenAI мәлімдемесі қисынсыз.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz