OpenAI техникалық басшысы кейбір саланың жойылып кету қаупі бар екенін айтты

OpenAI технологияларының бас директоры Мира Мурати ЖИ адамдардың шығармашылығын кеңейтуге көмектеседі, бірақ кейбір жұмыс орын алып қояды деп санайды. Бұл туралы CNBC хабарлады.

Жақында Дартмут коллежінің инженерлік мектебі Муратиді ChatGPT сияқты OpenAI құралдарының әртүрлі салаға ықтимал әсерін талқылауға шақырды. Әңгіме кезінде одан “ЖИ сценарий жазып, фильм түсіре ала ма?” деп сұрады.

«Ол мұны құрал ретінде жасай алады. Біз онымен ынтымақ орнатып, шығармашылығымызды кеңейтеміз деп ойлаймын”, – деді ол.

“OpenAI құралдары әркім өзін шығармашыл санауы үшін кедергіні азайтады”, –деп қосты ол.

Дегенмен ол жасанды интеллект құралдары бұл салаға зиянын да беруі мүмкін екенін де айтты.

“Кейбір шығармашыл салалар жоқ болып кетуі мүмкін, бірақ түбінде сапасыз контент болса, онда ол мамандықтар болмауы да керек шығар”, – деді ол.

Басылым McKinsey жаһандық институтының мамыр айындағы есебі бойынша, АҚШ-та генератив жасанды интеллект енгізілгендіктен 2030 жылға қарай 12 миллионға жуық адам жаңа жұмыс іздеуге мәжбүр болуы мүмкін екенін еске салады.

Сонымен қатар музыка индустриясының кейбір өкілі ЖИ салдарының алдын алуға тырысып жатыр. Сәуірде Билли Айлиш, Никки Минаж және 200-ден астам музыка әртісі өз салаларында жасанды интеллектіні жаппай қолдануды талап ететін үндеуге қол қойды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz