Назарбаев университеті студенттеріне әйелдер маршын өткізуге тыйым салған

Биыл Назарбаев университеті студенттеріне 8 наурызда әйелдер маршын өткізуге тыйым салды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, былтырғы марштан кейін университет әкімдіктен мұндай іс-шараларды өткізуге шектеу жайлы бейресми ескерту алған. Бұл туралы Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі Instagram парақшасында хабарлады.

«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру» туралы заң бойынша, бейбіт шеру өткізу үшін әкімдікке өтініш жазып, рұқсат алу қажет. Марш қалалық мәслихат бөлген арнайы орындарда ғана өте алады. Университет аумағы да ережеден тыс емес.

Студенттер мен оқытушылар шеруді өткізу үшін бұрын петиция бастаған. Енді олар Халықаралық әйелдер күніне арналған фильмдер көрсетілімдері мен пікірталас алаңдарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Factcheck.kz