NASA-ның ғарыш станциясындағы төтенше жағдай туралы таратқан аудиосы шынайы ма?

NASA байқаусызда халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) жаттығу аясында жасалған аудиожазбаны таратып жіберді. Онда ғарышкерлер декомпрессиялық аурудан зардап шегіп жатқаны айтылған деседі. Адамдар хабарды шын көріп, әп-сәтте көпшілікке таратты. Бұл туралы New York Post хабарлады.

NASA-ның YouTube арнасында халықаралық ғарыш станциясының онлайн-трансляциясында экипаж мүшесінің декомпрессиялық ауруға шалдыққанын дәлелдейтін аудиожазба қосылып кетті. Әйел дауысы экипаж мүшелерінен «командирге костюмді қайта кигізуді», оның импульсін тексеруді және оған оттегі беруді сұрады.

Бірнеше қолданушы X әлеуметтік желісіне ХҒС-тағы төтенше жағдай туралы ескерту аудио жазбасының сілтемесін жариялады.

Алайда аудиодағы шынайы жағдай емес.

«Жаттығудың бұл аудиосы кездейсоқ жарияланды. Бұл экипаж мүшелері мен жердегі қызметкерлер ғарышта болып қалуы мүмкін әртүрлі сценарийлер бойынша дайындалып жатқанда жазылған аудио және онда шынайы төтенше жағдай туралы айтылып жатқан жоқ», — делінген ХҒС хабарламасында.

ХҒС ақпараты бойынша, аудиотрансляция кезінде экипаж мүшелері бейсенбі таңғы 8-де ғарышқа ұшу үшін тынығып, ұйықтап жатқан.

Айта кетері, декомпрессиялық ауру атмосфералық қысымның өзгергенінен қанда азоттың немесе басқа газдардың көпіршіктерінен пайда болғанынан туындайды. Бұл ауру орталық жүйке жүйесіне зиянын тигізуі мүмкін және адам өліп кетуі мүмкін.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz