2024 жылғы маусымда Gen-3 Alpha моделі таныстырылды, бірақ ол кезде оны кейбір қолданушы ғана қолдана алды. Енді бұл қызметті бәрі пайдаланатын. Бұл туралы VC.ru хабарлады.
Gen-3 Alpha бейнелер мен кескіндер бойынша оқытылды, сондықтан ол арқылы видеолар мен суреттерді жасауға болады. Ол үшін нейрожеліге қандай видео не сурет керек екенін түсіндіру үшін мәтін етіп жазу керек.
Runway мәліметі бойынша, Gen-3 Alpha моделі арқылы видеоның әр деталін, ойдан шығарылған көріністі, адам эмоциясын, ым-қимылын жасауға болады.
Модельді тіркелген соң қолдануға мүмкіндік бар. Бірақ ол ақылы. Айына кем дегенде 15 доллар төлеу керек. Нейрожелі арқылы айына 62 секунд видео жасауға болады.