McDonald’s-тың тегін тамақтануға мүмкіндік беретін алтын картасы бар ма?

Интернетте “McDonald’s кей тұтынушысына кез келген мейрамханасынан тегін тамақтануға мүмкіндік беретін арнайы алтын картасын сыйлайды” деген ақпарат тарады. “Проверено” фактчекерлері деректің рас-өтірігін тексерді.

2015 жылы Джимми Киммелдың шоуында актер Роб Лоу алғашқылардың бірі болып McDonald’s-тың алтын картасын көрсетіп, мақтанды. Картада көрсетілген мәлімет бойынша, актерға Санта-Барбаре мен Голетеда орналасқан McDonald’s мейрамханаларына бір жыл бойы тегін тамақтануға болады. Лоудың айтуынша, ол картаға макфиннді әзірлеуші Херб Петерсенмен достығының арқасында ие болған.

2008 жылы америкалық миллиардер Уоррен Баффет CNBC-ге берген сұқбатында өзінде аталмыш тамақтану орнының алтын картасы бар екенін айтты. Ол оны Омаха, Гейтс қалаларында қолдана алады. Оған қоса оның сөзінше, Microsoft негізін қалаған Билл Гейтста да бұл карта бар және оны дүниежүзінің кез келген жеріндегі McDonald’s мейрамханасында пайдалана алады.

Алтын карта тек компания басшыларының таныстары мен миллиардерлерге емес, ерекше еңбегі үшін қарапайым адамдарға да берілген. Мысалы, компания 2013 жылы АҚШ-тың Кливленд қаласының тұрғыны Чарльз Рэмсиге үш әйелді ұрлап, бірнеше жыл бойы оларды күшпен ұстаған адамнан құтқарғаны үшін картаны сыйға тартты. Чарль Рэмсидің айтуынша, бір күні ол McDonald’s-тан бургер сатып алып, үйіне түстенуге келгенде көрші үйден көмек сұраған айқай дауыс естіген. Бигмагын жартылай ғана жеп үлгерген ол далаға жүгіріп шығып, полицияға хабарласып, үш әйелді құтқарған. Осы оқиғадан соң компания оған Огайо штатындағы мейрамханаларынан тегін тамақтануға мүмкіндік беретін картасын сыйлаған.

Кейінгі кездері компания ұтыс ойын ойнатып, сый ретінде картаны беріп жүр. Мысалы, ұтыс 2018, 2022 жылы өткен, деген мұндай ойын жиі бола бермейді.

Осылайша, McDonald’s-тың тегін тамақ ішуге рұқсат беретін алтын картасының бар екені рас, оның кейбірі белгілі өңірдегі, енді бірі барлық елдегі мейрамханасына жарамды. Бірақ ол бәрінде бола бермейді. Оған көбіне танымал адамдар ие.

Factcheck.kz