Facebook-тың мыңдаған қолданушысы түрлі түске боялған аспанның фотосын бөлісті. Көбі фотода Норвегиядағы солтүстік шұғыласы бейнеленген деседі. Бұл сурет магнит дауылы болғаннан кейін тарады. APF фотоны және оған қатысты ақпаратты тексерді.
2024 жылғы 12 мамырда жарияланған Facebook-тегі бирма тіліндегі жазбада: «Солтүстік шұғыласы Норвегияда күннің жарқылы кезінде көзге көрінді».
Көпшілік арасында тараған фотода аспанда күлгін, қызғылт жолақ көрсетілген.
Google іздеу жүйесі бұл суреттің Instagram-да Alpine_manor аккаунты 2024 жылғы 7 сәуірде жариялаған бейнеден алынғанын анықтады.
Автор бұл кадрдың жасанды интеллект арқылы жасалғанын айтты.
APF суреттің ЖИ арқылы жасалып-жасалмағанын өз бетімен тексере алмады. Дегенмен олар фото авторы контент жасағанда жасанды интеллектіні жиі қолданататынын ескеру керек дейді.
Сонымен қатар AFP видеодағы түпнұсқа кадрлар Норвегияда емес, Калифорниядағы Санта-Барбарада түсірілгенін анықтады.