Luma жасанты инттелектісі Dream Machine үлгісін қолдана отырып, мәтінді видеоға айналдыратын қызметін іске қосты. Платформа бес секундқа дейін болатын мәтіннен видео жасай алады. Бұл туралы Gadgets 360 хабарлады.
Қызмет видеоны кинематография, анимация, шынайы және тағы басқа стильде жасай алады. Жасанды интеллект компаниясы Dream Machine бейнеге толығымен үйретілгенін және «физикалық дәл, дәйекті және ерекше кадрларды» жасауға қабілетті деп мәлімдеді. Қазіргі уақытта платформаға тегін кіруге, пайдалануға болады.
Gadgets 360 қызметкерлері жаңа қызметті сынақтан өткізіп көрді. Олар платформаның кейбір сипаттамасы тым күрделі болғандықтан, ол арқылы жұмыс істеу қиын екенін айтты. Дегенмен Runway ЖИ және Pika 1.0 аналогтарымен салыстырғанда жаңа өнім сапасы жоғары кинематография бейнелерін жасауға қабілеті бар.