Интернетте америкалық әнші Кэти Перри мен Рианнаның жасанды интеллект арқылы жасалған фотосы кеңінен тарады. Бұл туралы BBC.com хабарлады.
Суретте Met Gala іс-шарасына барған Кэти Перри мен Рианна бейнеленген деседі. Кэти Перри екі образда – үлкен жасыл көйлек және Зена патшайым образында киінген.

Ал Рианна фаунаны сипаттайтын үлкен, етегі кең көйлек киіп тұр. Олардың бұл фотосы Х желісінде 13 миллионнан астам рет қаралған.

Алайда бұл – жалған фото. Сурет жасанды интеллект арқылы жасалған. Америкалық екі әртіс те бұл іс-шараға биыл бармаған.
“Жұмысым көп болған соң, MET іс-шарасына қатыса алмадым”, – деп жазған Кэри Петти Instagram парақшасында.
BBC басылымының мәліметі бойынша, Кэти Перридің фейк фотосына анасы да сеніп қалған. Бұл жағдай адамдардың жасанды интеллект арқылы жасалған контент пен шынайы контенттің ара жігін ажырата алмай бара жатқанын көрсетеді.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.