Кембридждің ағылшын тіліндегі сөздігі 2023 жылға арналған жыл сөзі деп “hallucinate” етістігін таңдады. Сөзбе-сөз аударғанда “елестету”, “шатасу” деген мағына береді. Бұл сөз жасанды интелектінің дамуына байланысты таңдалды. Бұл туралы «Фонтанка» сайты көпшілік арасында тараған пресс-релизге сілтеп хабарлады.
Сонымен қатар сөздік жасанды интеллект контекстіндегі сөздің мағынасын берген: “Жасанды интеллект шатасқанда, жалған ақпарат береді“.
Кембридж сөздігінің командасы 2023 жылғы сөз ретінде “hallucinate-ті” таңдады, өйткені олар бұл сөз адамдардың не себепті жасанды интеллект туралы көп айтатынын түсіндіре алғанын мойындады. ЖИ — бұл қуатты құрал, бірақ біз оны қауіпсіз және тиімді қолдануды әлі де үйреніп жатырмыз.
делінген хабарламада
Бір қызығы, Collins сөздігі жыл сөзі ретінде “жасанды интеллект” сөзін таңдаған. Бұл туралы қарашаның басында “Азаттық Радиосының” орыс қызметі хабарлады.