Калифорнияда роботтың концерт бергені рас па?

2024 жылғы маусымда интернетте Калифорнияда ерекше шоу болғаны туралы хабар тарады. Робот сахнада ән айтып, рэп оқыды деседі. «Проверено» басылымы ақпаратты тексеріп көрді.

Маусымның ортасында Facebook қолданушыларының ақпараты бойынша, TechFusion Dynamics жасаған робот тұңғыш рет концертте өнер көрсетті. Шоу туралы жазбалар мыңдаған лайк пен репостқа ие болды. Жазбалардың авторларының айтуынша, роботты TechFusion Dynamics, Apple және OpenAI компаниялары. Оған қоса бұл робот жұртшылықпен «аздап британдық акцентпен тамаша ағылшын тілінде» сөйлескен дейді. Сонымен қатар қолданушылар Леонардо Ди Каприо мен Джессика Честейн, Facebook-тың негізін қалаған Марк Цукерберг, HyperSound стартапының басшысы Джейн Синтез және жасанды интеллект маманы Илон Македонский концертке қатысты-мыс.

Калифорнияда роботтың концерт бергені рас па?

Концерттің өткен орны әр постта әртүрлі жазылған. Кейбір қолданушы бұл Калифорниядағы Силикон алқабында болған деп мәлімдеген. Басқа басылымдарда шоудың Сан-Францискодағы Таңдау алқабында өткені айтылған. Дегенмен фактчекерлер Таңдау алқабын Google Maps-тан орыс және ағылшын тілінде іздеп көрді, бірақ ештеңе таппады.

Жазбаларда жарияланған концерт кем дегенде екі деңгейлі қызыл-қызғылт және сары орындықтары бар үлкен стадионда өтті. Силикон алқабында шамамен 15 спорт аренасы бар, бірақ олардың екеуі ғана фотодағы орынға ұқсайды: Сэнфорд алаңы және Левайс алаңы. Екі нысанның да ресми сайттарында инновация шоуы туралы ақпарат жоқ.

Көп жерде өнерпаз роботты TechFusion Dynamics, Apple және OpenAI жасағаны жазылған. Дегенмен бұл компаниялардың ресми сайтында өнерпаз робот және оның өнер көрсеткені туралы бірде-бір хабар, пресс-релиз жоқ. Ди Каприо, Честейн және Цукерберг те парақшаларында шоу туралы ештеңе жазбаған. Ал Джейн Синтез және Илона Македонский – жоқ адамдар.

Фактчекерлер шоу туралы жазбаны ең бірінші болып 12 маусымда Facebook-тегі Techsol қауымдастығының жариялағанын анықтады. Бұл парақша жеке чат-боттарды сататын компанияға тиесілі. Олар парақшасында жасанды интеллектіге қатысты контент жариялап отырады. Techsol концерт туралы жазбасына бір қолданушы «Чат-бот арқылы жасалған, шын деп қалмаңыздар. Бірақ болашақтың еншісінде» деп жазды.

Осылай, робот берген тарихтағы бірінші концерт туралы жаңалық жасанды интеллект жұмысының нәтижесі болып шықты: мәтін де, суретте нейрожелі арқылы жасалған.

Factcheck.kz