Қырғызстан екі әйел алуға рұқсат беретін заң әзірлеп жатыр ма?

“Қырғызстан билігі екі әйел алуға рұқсат беретін заң жобасын әзірлеп жатыр” деген ақпарат тарады. Алайда ол фейк болып шықты.

Жогорку кеңештің ақпарат қызметінің басшысы Жайыл Русланов парламентте көп әйел алуға жол беретін заң жобасын дайындап жатқаны туралы ақпарды жоққа шығарды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында мәлімдеді.

Русланов адамдарды ел ішінде дүрбелең тудырып, расталмаған мағлұматты таратпауға шақырды.

“Жалған ақпаратты таратып жатқандарға заң алдында жауапкершілік бар екенін ескертеміз”, – деп жазды ол.

Factcheck.kz