АҚШ әуекомпаниясы химтрейлер шашқанын мойындады ма?

Әлеуметтік желіде “америкалық ірі әуе компаниясы химтрейлдерді шашуға қатысқанын мойындады” деген хабарлама тарап жатыр. USA Today жаңалықтың рас-өтірігін тексерді.

22 маусымдағы Facebook жазбасы 2013 жылғы Global Elite News мақаласының скриншотын жариялаған. Тақырыбында “Evergreen Aviation АҚШ әуе күштерімен химтрейл келісімшартын жасағанын мойындады” деп тұр.

“Әлемдегі ең ірі жеке әуе компанияларының бірі – Evergreen Aviation. Олардың ауа райын өзгерте алатын қызметтері танымал. Олар өздерінің сайтындағы “Нарық” деген бөлімінде басқа қызметтермен қоса ауа райын өзгертетін қызметі және өрт сөндіретін жаңа Supertanker-ы бар екенін жазған”, — делінген жазбада.

Қолданушылар бұл постты үш аптада мыңнан астам рет бөліскен.

Алайда фактчекерлер бұл ақпардың ең алғашқы дереккөзі сатиралық жазба екенін айтады. Компания шынымен де өрт сөндіруге арналған ұшағы және ауа райына қатысты қызметі бар. Дегенмен олар ешқашан химтрейлер туралы айтпаған.

Evergreen Supertanker әлемде болып жатқан өрттерді сөндіруге көмектесу үшін 2004 жылы іске қосылды. Bоеing 747 қызметі қымбат болды, сол себепті 2013 жылы Evergreen Aviation жабылмай тұрып, ол өндірістен алынып тасталған.

Evergreen Aviation компаниясында ұшақтарлың үлкен саябағы және бірнеше мемлекеттік келісімі болған. Бірақ олардың ешқайсының химтрейлге қатысы жоқ.

Көпшілік арасында тараған мақаланың скриншоты iFunny деген ресейлік, сатиралық сайттан алыннған. Ал Global Elite News деген басылым атымен жоқ.

Evergreen Aviation туралы ақпарат бар сайт әлі істеп тұр, бірақ оның мекен-жайы ретінде Лондон көрсетіліп тұр.

Фактчекерлер бұл ақпаратты таратқан адамнан пікір ала алмады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz