Ірі технология компаниялары қауіпсіз жасанды интеллект мәселесін шешетін қауымдастық құрды

Ірі технология компаниялары қауіпсіз жасанды интеллект мәселесін шешетін жаңа қауымдастық құрды. Бұл туралы Google блогында хабарлады.

“Бүгін Аспен қауіпсіздік форумында (АҚШ-тағы қала – ред.) саладағы әріптестерімізбен бірге қауіпсіз жасанды интеллект коалициясын (CoSAI) таныстырамыз. Былтыр біз нақты уақытта туындайтын және Google көкжиегінен тыс болатын қауіп-қатерлерді шешу үшін кешенді қауіпсіздікті бақылауды әзірлеу үшін осы коалицияны құруға жұмыс істедік”, – деген Google хабарламасында.

CoSAI мүшелеріне Amazon, Anthropic, Chainguard, Cisco, Cohere, GenLab, IBM, Intel, Microsoft, NVIDIA, OpenAI, Paypal және Wiz кіреді.

CoSAI-дың өнеркәсіп және академиялық орта бойынша ынтымақ құратын үш бағыты көрсетілген:

  • Жасанды интеллект жүйелері үшін бағдарламалық қамтамасыз ету.
  • ⁠Киберқауіпсіздік ландшафтының өзгергеніне кәсіби мамандарды дайындау.
  • ⁠ЖИ қауіпсіздігін басқару (тәуекелдер мен бақылаулар таксономиясын әзірлеу, бақылау тізімі, көрсеткіштер картасы).
Factcheck.kz