Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлытау облысының мәселелерін көтеріп жүрген белсенді Берік Жағыпаровты «жалған ақарат таратты» деп айыпталып, жауапқа тартылды. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.
Басылымның ақпараты бойынша, сот онлайн өтті. Нәтижесінде белсендіге 456-2-баптың 3-бөлігі (Жалған ақпарат орналастыру, тарату) бойынша, 78 840 теңге айыппұл салынды.
Айта кетері, Жағыпаровтың үстінен іс қозғалуына 18 шілдеде Facebook-тегі парақшасында өңірдегі футбол командасының сыйақы қоры туралы “жариялаған мақаласы” себеп болған. Полиция хаттамасында жазбаның қай тұсы жалған екені нақты көрсетілмеген.