Ұлыбританияда Pegasus шпион бағдарламасына қатысты полицияға шағым түсті —SecurityLab

Ұлыбританияның құқық қорғау органдарына Pegasus шпион бағдарламасының қолданылғанына қатысты шағым түсті. 2018-2020 жыл аралығында телефондары бұзылған журналистер мен белсенділер Лондон полициясына шабуылға қатысы бар деп 5 адамды айыптады. Бұл туралы SecurityLab хабарлады. Өтініш бергендердің айтуынша, олардың телефондары Pegasus шпион бағдарламасы арқылы бұзылған. Шабуылдың артында Сауд Арабиясы, БАӘ және Бахрейннің үкімет құрылымдары тұр деген болжам бар.

Шағым 1990 жылғы компьютерлердің теріс мақсатта қолданылып, британдық заңды бұзғанына байланысты. Зардап шеккендердің айтуынша, айыпталып жатқандар Pegasus бағдарлама жасақтамасын құқық қорғаушылар мен үкіметті сынайтындарды қуғын-сүргінге ұшырататын елдерге сатқаны үшін жауапты. Мәлімдемені жәбірленгендердің атынан Global Legal Action Network (GLAN) дайындады.

Мәлімдемеге қол қойғандар Pegasus-ты әзірлеу және таратумен байланысы бар тұлғаларды, соның ішінде NSO Group, Люксембургте орналасқан Q Cyber ​​Technologies, 2019 жылы NSO акцияларын сатып алған британдық Novalpina Capital инвестициялық компаниясын айыптап отыр.

Оған қоса шағымда Ұлыбританияда Pegasus-ты пайдалану ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіні айтылған. Бағдарлама үкіметтік желілерге, соның ішінде Премьер-Министрдің кеңсесі мен Сыртқы істер министрлігіне шабуыл жасау үшін және Лордтар палатасының мүшесі Фиона Шаклтонның сотта Дубай ханшайымы Хаяның атынан шыққан кезде телефонын бұзу үшін пайдаланылды.

Pegasus құрбандарының қатарында мәдениетаралық диалогты ілгерілетумен айналысатын, Таяу Шығыс үкіметтерін, атап айтқанда БАӘ-ді жиі сынға алатын Cordoba Foundation деген британ қорының негізін қалаған Анас әл-Тикрити , Палестинадан шыққан журналист, саяси белсенді, Сауд Арабиясы билігін сынайтын, Al-Hiwar телеарнасының негізін қалаған Аззам Тамими,  Лондондағы Фейнсбери Парк мешітінің төрағасы, БАӘ саясатына қарсы Мұхаммед Козбар, Ұлыбританияда баспана алған Бахрейн белсендісі, құқық қорғау қызметі үшін отанында қудаланған Юсуф Әл-Джамри бар.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz