Әлемде интернетті бұғаттау көбейіп келеді – Access Now есебі

Access Now құқық қорғау ұйымы мен #KeepItOn коалициясының есебіне сәйкес, үкіметтер наразылықтарды басу және ақпаратты бақылау мақсатында интернетті бұғаттауға жиі жүгінеді. 2024 жылы 54 елде жалпы 296 рет интернет өшірілген , бұл 2023 жылмен (39 елде 283 рет) салыстырғанда көп. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

«2016 жылдан бері интернетке қолжетімділік қысым көрсету құралына айналып келеді. Осы уақыт аралығында біз 1 754 рет интернет өшірілгенін анықтадық. Әрбір бұғаттаудың артында дағдарыс, зорлық-зомбылық пен соғыс кезінде әлемнен оқшауланған адамдар мен тұтас қауымдастықтар тұр», – делінген Access Now есебінде.

The Guardian жазуынша, 2024 жылы Африка құрлығында интернетті бұғаттау бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелген. Мұнда 15 елде 21 оқиға болған. Бұл 2020 және 2021 жылдардағы көрсеткіштен (19 рет өшірілген) асып түсті.

Интернетке шектеу қойған елдердің қатарында Комор аралдары, Гвинея-Бисау, Маврикий, Бурунди, Эфиопия, Экваторлық Гвинея және Кения бар. Сондай-ақ Гвинея, Нигерия, Сенегал және Танзания да бұл тізімге енді. Үкімет қана емес, қарулы топтар мен басқа да мемлекеттік емес құрылымдар да интернетті бұғаттаған.

Интернетті өшірудің негізгі себептері – қақтығыстар, наразылықтар және саяси тұрақсыздық. Кейбір елдерде сайлау кезінде де интернет бұғатталған.

Контекст

2024 жылғы жетоқсанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның жастар ақпараттық қызметінің (МИСК) сайтында заңсыз контент жоқ және бұғаттан шығарылуы тиіс деген қорытындыға келді. Сайт 2024 жылғы 1 наурызда «Кибернадзор» жүйесіне «қаржы пирамидаларымен және алаяқтық ұйымдармен күрес» аясында енгізілген еді. Жоба тек 28 қарашада бұғатталды. Бірақ мемлекеттік органдар сайттың не себепті алаяқтыққа жатқызылғанын айтпаған.

Журналист

Factcheck.kz