Экономикалық тергеу департаментінің ұйғарымымен Қазақстанның жастар ақпараттық қызметіне (орыс. МИСК) тиесілі youth.kz сайтын ел аумағында бұғатталды. Бұл туралы Vlast.kz мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сүйеніп хабарлады.
Ведомство мәліметінше, сайт 2024 жылғы 1 наурызда қаржы пирамидаларымен және алаяқтық ұйымдармен күрес аясында “Кибернадзор” жүйесіне енгізілген. Сондықтан Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті сайтты бұғаттауға ұйғарым жіберген.
28 қарашада ҚЖАҚ Instagram аккаунтында сайттың бұғатталғанын, бірақ VPN арқылы қолжетімді болатынын хабарлады.
Ал медиа үйлестіруші Кристина Рябова BES.media басылымына ұйымның әдеттегідей жұмыс істегенін, артық ешнәрсе жасамағанын және мемлекеттік органдардан хабарлама алмағанын айтты.
Контекст
Youth.kz — адам құқықтары мен демократиялық институттар мәселелерін қамтитын жастарға арналған медиа-платформа. ҚЖАҚ 1998 жылдан бері жастар арасында азаматтық белсенділікті дамытумен айналысып келеді. Оған қоса, ұйымның ZhasCamp жастар конференциясы, адам құқықтары мектебі, БАҚ-та тағылымдамадан өту бағдарламасы сынды жобалары бар.