ҚР ақпарат министрлігі ҚЖАҚ (МИСК) ұйымының сайтын бұғаттан шығарды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның жастар ақпараттық қызметінің (МИСК) сайтында заңсыз контент жоқ және бұғаттан шығарылуы тиіс деген қорытындыға келді. Бұл туралы Youth.kz. жобасы хабарлады.

Министрлік соңғы жауабын 19 желтоқсанда берген.

«Министрлікке қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінен интернет-ресурста құқыққа қайшы контенттің жоқтығы туралы хат келіп түскендіктен, https://youth.kz интернет-ресурсы Қазақстан Республикасының аумағында қайта қолданысқа енді», – делінген министрлік хабарламасында.

Сайт 2024 жылғы 1 наурызда «Кибернадзор» жүйесіне «қаржы пирамидаларымен және алаяқтық ұйымдармен күрес» аясында енгізілген. Жоба тек 28 қарашада бұғатталды.

Бірақ мемлекеттік органдар сайттың не себепті алаяқтыққа жатқызылғанын айтпаған.

Контекст

Youth.kz — адам құқықтары мен демократиялық институттар мәселелерін қамтитын жастарға арналған медиа-платформа. ҚЖАҚ 1998 жылдан бері жастар арасында азаматтық белсенділікті дамытумен айналысып келеді. Оған қоса, ұйымның ZhasCamp жастар конференциясы, адам құқықтары мектебі, БАҚ-та тағылымдамадан өту бағдарламасы сынды жобалары бар.

Журналист

Factcheck.kz